18.03.2026 20:01
Барелла «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
18.03.2026 20:01
«Интер» жартылай қорғаушысы Николо Барелла мансабын «Ливерпульде» жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны жаздағы трансфер кезеңінде қосуды көздеп отыр. Осылайша жартылай қорғанысын едәуір күшейтпек.
Ал «Интер» ол үшін 75-80 миллион еуро көлемінде түскен ұсыныстарды қарастырып көреді екен.
29 жастағы италиялық ойыншы «нерадзурри» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 35 матчта бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.