18.03.2026 15:51
«Реал» ойыншысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін
18.03.2026 15:51
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 23 жастағы француз ойыншысына «Арсенал» қызығушылық танытып отыр. «Зеңбірекшілердің» бас бапкері Микель Артета оны өз командасында көргісі келеді. Ал Мадридтің клубы ойыншысын 50 миллион еуроға сатуы мүмкін екен.
Камавинга «бланкос» сапына 2021 жылы «Реннен» 31 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.