18.03.2026 14:42

Райс «Арсеналда» қалады

18.03.2026 14:42

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Деклан Райспен келісімшартты ұзартады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2030 немесе 2031 жылға дейін жарамды болатын келісімге қол қою жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, көп ұзамай ресми хабарланады.

27 жастағы англиялық ойыншы «зеңбірекшілер» сапына 2023 жылы 116,6 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 43 матчта бес гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram