18.03.2026 11:22
Куртуа жарақат алды
18.03.2026 11:22
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты

33 жастағы бельгиялық голкипер Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Манчестер Ситиге» (2:1) қарсы қарымта матчтың алдында бұлшық етін зақымдап алыпты.
Ол жарақаты бола тұра бір тайм бойы қақпа күзетті, одан кейін тайм арасындағы үзілісте орнын Андрей Лунинге босатты.
Куртуа осы маусымда 41 ойында 39 гол өткізіп, 15 матчта қақпасына доп жібермеді.