18.03.2026 03:07

«Реал» «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

18.03.2026 03:07

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Реал» сырт алаңда «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Мадрид клубының сапында Винисиус Жуниор дубль жасады. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Эрлинг Холанд соқты. Сондай-ақ 20-минутта Бернарду Силва алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «бланкос» қос матчтың қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Альваро Арбелоаның шәкірттері ширек финалда «Бавария» — «Аталанта» (2:1) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram