18.03.2026 01:35
«Спортинг» ғаламат камбэк жасады
18.03.2026 01:35
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матчта «Спортинг» өз алаңында «Буде/Глимтті» тізе бүктірді

Лиссабонда өткен кездесудің негізгі 3:0 есебімен аяқталып, ойын экстра-таймға ұласты. Қосымша уақытта «Спортинг» тағы екі гол соғып, қос матчтың қорытындысы бойынша 5:3 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелерінің сапында Гонсалу Инсаиу, Педро Гонсалвеш, Луис Суарес, Максимилиано Араухо және Рафаэль Нел мергендік танытты.
Енді Руи Виллиан шәкірттері ширек финалда «Байер» — «Арсенал» жұбының жеңімпазымен кездеседі.