17.03.2026 17:01
Николас Джексон жазаланды
17.03.2026 17:01
Бундеслига «Бавария» шабуылшысы Николас Джексонға жаза қолданды

24 жастағы Сенегал форварды «Байерге» (1:1) қарсы матчта өрескел ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алған еді.
Осыған байланысты ішкі біріншіліктегі алдағы екі матчқа, яғни «Унион» мен «Фрайбургқа» қарсы ойынға қатыспайды.
Джексон Мюнхеннің клубына өткен жазда «Челсиден» маусым соңына дейін жалға келген еді. Ол содан бері 25 матчта жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.