17.03.2026 14:00
Флик «Барселонамен» келісімшартты ұзартады
17.03.2026 14:00
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубта қалады

Sport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келісімге келді. Бұл бірнеше ай бұрын шешіліп қойған екен.
61 жастағы неміс маманы Каталония клубын 2024 жылдың жазында тізгіндеген еді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.
28 турдан кейін 70 ұпай жинаған «блауграна» Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.