17.03.2026 12:19

Испания Еуропаның командасымен кездеседі

17.03.2026 12:19

Испания осы айдың соңында Сербиямен жолдастық кездесу өткізеді

Бұл туралы Испания Корольдігінің футбол федерациясы хабарлады. Ойын Вильярреалдағы «Эстадио де ла Серамика» стадионында 27 наурыз күні өтеді.

Бұған дейін дәл осы күні өтуі керек болған Испания мен Аргентина арасындағы Финалиссима қос тараптың келісімге келе алмауына байланысты болмаған еді. Нақтырақ айтсақ, Дохада өтеді деп жоспарланған матчты Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты көрмейтін болдық. UEFA Еуропада ұйымдастыруды ұсынып еді, бірақ Аргентина бас тартты.

Сондай-ақ «қызыл фурия» Египетпен шеберлік байқасуды көздеген. Бірақ бұл да мүмкін болмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram