16.03.2026 21:04
«Қайрат» «Ақтөбені» тізе бүктірді
16.03.2026 21:04
Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

«Орталық» стадионда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 76-минутта Дастан Сәтпаев соқты.
Осылайша Алматының клубы алтыншы ұпайын олжалап турнир кестесінде көш бастады. Ал «Ақтөбе» үш ұпаймен төртінші орында келеді.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда «Жетісуға» қонаққа барса, «қызыл-ақтар» «Елімайды» қабылдайды.