16.03.2026 19:37
«Челси» жазаланды
16.03.2026 19:37
«Челси» Ағылшын Премьер-лигасының тарапынан жазаға тартылды

Sky Sports хабарлауынша, клуб Роман Абрамовичтің дәуірінде 2011-2018 жылдары қаржылық ережені бұзғаны үшін 10,75 миллион фунт стерлинг айыппұл арқалады. Сондай-ақ «көктерге» академиядан ойыншы алуға тоғыз айға және трансфер жасауға бір жылға тыйым салынды.
30 турдан кейін 48 ұпай жинаған Лондонның клубы Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.