16.03.2026 14:28
Мбаппе қатарға оралды
16.03.2026 14:28
«Реал» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Манчестер Ситиге» қарсы матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Оған соңғы матчтардан тыс қалған Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем, Дэвид Алаба және Альваро Каррерас қосылды. Ал Рауль Асенсио, Эдер Милитао, Ферлан Менди, Дани Себальос және Родриго ойнамайды.
Аталған кездесу ертең, 17 наурыз күні Манчестердегі «Этихад» стадионында болып, сағат 01:00-де басталады. Мадридте өткен алғашқы ойында «Реал» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.