17.03.2026 13:18
Олисе «Реалға» ауысуы мүмкін
17.03.2026 13:18
«Бавария» вингері Майкл Олисе мансабын «Реалда» жалғауы мүмкін

Bild хабарлауынша, оған «Реал» қызығушылық танытуда. Мадридтің клубы Майклды жаздағы трансфер кезеңінде қатарына қосқысы келеді. «Бланкос» президенті Флорентино Перес Олисені жоғары бағалайды және 160 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын.
Бірақ Мюнхеннің клубы ойыншысын сатқысы келмейді. «Бавария» оны сақтап қалу үшін барын салмақ.
24 жастағы француз «Баварияға» 2024 жылдың жазында «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 38 матчта 15 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді.