17.03.2026 21:34
Флик: «Барселона» менің соңғы клубым болады
17.03.2026 21:34
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубта ұзаққа қалады

Бұл туралы өзі «Ньюкаслға» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
— «Басқа клубқа ауысу ойымда жоқ. Мен «Барселонада» бақыттымын және бұл менің соңғы клубым болады»,— деді Флик.
Осыған дейін «блауграна» президенті Жоан Лапорта Фликпен келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартатынын растаған еді.
«Барселона» ертең, 18 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матчта «Ньюкаслды» қабылдайды. Англия жерінде өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді.