17.03.2026 18:33
Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды
17.03.2026 18:33
Қазақстан Ұлттық құрамасының FIFA Series турниріне қатысатын ойыншылары анықталды

Нақты тізімге 26 футболшы кірді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев («Тобыл»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Дода 25-28 наурыз күндері «Астана Арена» стадионында болады. Ел құрамасы алғашқы ойынын 25 наурыз күні Комор аралдарына қарсы өткізеді. Оны еңсерсек 28 наурызда Набимиямен финалда ойнаймыз. Ал Кувейт Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанға келуден бас тартты.