18.03.2026 02:55
«Арсенал» «Байерден» басым түсті
18.03.2026 02:55
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Байерді» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде Эберечи Эзе мен Деклан Райс мергендік танытты.
Осылайша «зеңбірекшілер» қос матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Микель Артетаның шәкірттері ширек финалда «Буде/Глимттен» басым түскен «Спортингпен» кездеседі.