18.03.2026 10:58

Альваро Арбелоа рекорд орнатты

18.03.2026 10:58

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Реал» сырт алаңда «Манчестер Ситиді» 2:1 есебімен жеңді

Осылайша Альваро Арбелоа Мадрид клубының тізгінінде Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің бастапқы төрт матчында да жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды.

43 жастағы испан маманының тұсында клуб «Бенфика» (1:0, 2:1) мен «Манчестер Ситиді» (3:0, 2:1) екі реттен тізе бүктірді.

Арбелоа «бланкосты» 13 қаңтардан бері жаттықтырады. Ол келгелі команда 12 рет жеңіске жетіп, төрт матчта қарсыласына жол берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram