18.03.2026 14:24

Шмейхель мансабын аяқтауы мүмкін

18.03.2026 14:24

«Селтик» қақпашысы Каспер Шмейхель мансабына нүкте қоюы мүмкін

Оның иығы шығып, бицепсі жыртылып кетіпті. Осыған байланысты екі ота жасатуы керек. Ал алаңға шамамен 10-12 айдан кейін оралады деп күтілуде.

Шмейхель өткен маусымда да жарақатпен ойнаған екен. Мұның бәрі оның мансабын аяқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

39 жастағы голкипер «Селтикке» дейін «Андерлехт», «Ницца», «Лестер», «Лидс» және «Манчестер Сити» намысын қорғаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram