18.03.2026 15:16

ПСЖ тарихи нәтиже тіркеді

18.03.2026 15:16

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында ПСЖ сырт алаңда «Челсиді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша қос матчтың қорытындысы бойынша 8:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Бұл Париж клубының Чемпиондар лигасы тарихындағы 100-жеңісі болды. Нәтижесінде ПСЖ мұндай нәтижені тіркеген Францияның алғашқы клубы атанды.

Луис Энрике шәкірттері келесі кезеңде «Ливерпуль» — «Галатасарай» (0:1) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram