18.03.2026 21:53
Бруну Фернандеш АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды
18.03.2026 21:53
Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының 30-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы «Астон Виллаға» (3:1) қарсы матчта екі нәтижелі пас берген еді.
Осылайша 31 жастағы португалиялық ойыншы дауыс беру нәтижесінде Макс Доуманды («Арсенал»), Константинос Мавропаносты («Вест Хэм»), Ришарлисонды («Тоттенхэм») және Энтони Гордонды («Ньюкасл») артқа тастады.
Фернандеш осы маусымда 29 матчта жеті гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.