19.03.2026 16:37

Жоан Гарсияның жағдайы белгілі болды

19.03.2026 16:37

«Барселона» қақпашысы Жоан Гарсия қатардан шықпады

24 жастағы испаниялық голкипер «Ньюкаслға» (7:2) қарсы матчты соңына дейін аяқтай алмай, 82-минутта алаңдағы орнын Войцех Щенсныйге босатқан еді.

Осыған байланысты бүгін, 19 наурызда медициналық тексерістен өтті. Нәтижесінде ешқандай жарақат алмағаны белгілі болды. Сондықтан 22 наурызға жоспарланған «Райо Вальеканоға» қарсы матчқа қатыса алады.

Гарсия «блауграна» сапына өткен жазда «Эспаньолдан» 25 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 35 матчта 35 гол өткізіп, 14 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram