18.11.2025 20:39
Тер Штегенге екі клуб қызығуда
18.11.2025 20:39
Тер Штегенге «Манчестер Юнайтед» пен «Бешікташ» қызығушылық танытты

SPORT хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» «Барселона» капитаны Марк-Андре тер Штегенді қатарға қосу үшін барын салуда. Ағылшын клубы Германия құрамасының тәжірибелі ойыншысына қызығушылық танытып отыр.
Алайда тер Штегенге талас мұнымен шектелмейді. Түркияның атақты клубы «Бешікташ» та қақпашымен байланыс орнатып үлгерген. Клуб қаңтар айындағы трансфер терезесінде белсенді әрекет етуге дайын.
Қақпашының өзі де тұрақты ойын уақытын қалайды. Себебі Марк-Андре тер Штеген 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін негізгі құрамда ойнауды басты мақсат етіп отыр. Осыған байланысты оның «Барселонадан» кету ықтималдығы күн өткен сайын артып келеді.