18.11.2025 18:36

Пулишич АПЛ-ге оралуы мүмкін

18.11.2025 18:36

«Милан» жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, АҚШ вингеріне «Манчестер Юнайтед» пен «Астон Вилла» қызығушылық танытып отыр.

Ал Пулишич болса «россонеримен» келісімшартын ұзартуға асығар емес. Қазіргі құжат 2027 жылдың маусым айында күшін жояды.

Пулишич осы маусымда жалпы тоғыз ойында алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram