18.11.2025 16:18
«Ливерпуль» Олисеге көз тікті
18.11.2025 16:18
«Ливерпуль» командасы Майкл Олисені Мо Салахтың орнына қарастыруда

«Ливерпуль» футбол клубы өзінің басты шабуылшысы Салахтың орнына келетін ойыншы ретінде «Бавария» командасының 23 жастағы жұлдызы Майкл Олисені қарастыруда. Неміс клубының шабуылшысы осы маусымда өзінің жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсіп, әлем футболындағы ең мықты вингерлердің бірі атанды.
Bild басылымының хабарлауынша, «Ливерпуль» Майклды өз қатарына қосып, келісімшартқа қол қою үшін барлық күш-жігерін салуға дайын. Олисе осы маусымда «Бавария» құрамында 17 матчта 14 гол салды.
Ливерпульдің осы трансферге қызығушылығы кездейсоқ емес, себебі командада соңғы уақытта Салахтың болашағы туралы көптеген қауесеттер тарап жатыр. Әзірге болашағына қатысты нақты шешім айтылмады.