18.11.2025 15:29
«Әл-Наср» ойыншысы Италияға оралуы мүмкін
18.11.2025 15:29
«Әл-Наср» жартылай қорғаушысы Марсело Брозович Италия А Сериясына оралуы мүмкін

Экрем Конурдың сөзіне сенсек, 33 жастағы жартылай қорғаушыға «Милан», «Рома», «Интер» және «Ювентус» қызығушылық танытып отыр.
Хорватия құрамасының ойыншысы қыста «Әл-Насрмен» келісімшартты ұзартпаса, клуб ауыстырады екен.
Айта кетейік, Брозович Эр-Риядтың клубына 2023 жылы «Интерден» келіп қосылған еді. Осы аралықта 97 ойында сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.