18.11.2025 15:00

Ван Дейк рекорд орнатты

18.11.2025 15:00

Вирджил ван Дейк Нидерланд құрамасында рекорд орнатты

34 жастағы қорғаушы команданы капитан ретінде ең көп матчта бастап шыққан футболшы атанды.

Литваға (4:0) қарсы матч Ван Дейк үшін капитан міндетіндегі 72-ойын болды. Осылайша ол Франк де Бурдың (71) рекордын жаңартты.

Сондай-ақ алдыңғы ондықтың қатарында Руд Крол (45), Руд Гуллит (41), Харри Денис (37), Эдвин ван дер Сар (36), Йохан Кройф (34), Рональд Куман (33), Джованни ван Бронкхорст (33) және Пюк ван Хел (29) бар.

Айта кетейік, Ван Дейк ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылдың қазан айында жасаған еді. Осы аралықта 88 ойынға қатысып, 11 гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram