18.11.2025 11:17

АПЛ жұлдызы қатардан шықты

18.11.2025 11:17

«Борнмут» жартылай қорғаушысы Антуан Семеньо жарақат алып қалды

Гана ойыншысы Жапонияға (0:2) қарсы ойында тобығын зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгінгі Оңтүстік Кореяға қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды.

Семеньо қазір клубына оралды. Ал жарақатының қаншалықты ауыр екені медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Семеньо Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымында 11 ойында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram