18.11.2025 10:29
«Барселона» екі қорғаушыға көз тікті
18.11.2025 10:29
«Барселона» қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Габриэль Санстың хабарлауынша, Каталонияның клубы Нико Шлоттербек пен Дайо Упамеканоны өз қатарынан көргісі келеді.
Аталған екі футболшыны бақылау үшін клуб Германияға скауттарын жіберген екен.
Айта кетейік, «Бавария» ойыншысы Упамекано келесі жазда еркін агент атануы мүмкін. Ал Шлоттербектің «Боруссиямен» келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.