18.11.2025 09:18

Бензема «Реалға» оралуы мүмкін

18.11.2025 09:18

«Әл-Иттихад» шабуылшысы Кәрім Бензема бұрынғы клубы «Реалға» оралу жайлы сөз қозғады

— «Флорентино Перес тұрғанда «Реалға» оралуым мүмкін. Мен оған ешқашан «жоқ» дей алмаймын.

Мен мадридистпін. Жүрегім «Реал» деп соғады. Мадрид – әлі де менің қалам. Алда көре жатармыз,– деді 37 жастағы француз.

Айта кетейік, Бензема «Реал» намысын 2009-2023 жылдары аралығында қорғады. Осы аралықта 648 ойында 354 гол соғып, 155 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram