18.11.2025 14:55

«Ливерпуль» ойыншысы келісімшартты ұзартады

18.11.2025 14:55

Райан Гравенберх «Ливерпульмен» келісімшартын ұзартуға жақын

Николо Скираның мәліметінше, қос тарап 2030 не 2031 жылға дейін жарамды жаңа құжатқа қол қоюға жақын. Жуырда ресми түрде хабарланады екен.

Сондай-ақ 23 жастағы Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы өткен жазда Сауд Арабиясынан түскен бірқатар ұсыныстан бас тартыпты.

Айта кетейік, Гравенберх Мерсисайд ұжымында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 99 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарт 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram