18.11.2025 16:34

Бензема «Реал» туралы сөз етті

18.11.2025 16:34

Карим Бензема «Реалға» қайта оралуға қарсы емес

Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында ойнағанымен, «Реал Мадридке» қайта оралуға қарсы емес екенін білдірді. Француз шабуылшысы Флорентино Перес «Реал» президенті ретінде қалса, мұндай мүмкіндік болатынын атап өтті:

«Қайта оралу? Егер Флорентино Перес әлі де сол жерде болса, бұл мүмкін жағдай. Мен мұндай жағдайда ешқашан бас тартпаймын. Өзімді Мадридте жайлы сезінемін. Ол менің үйім. Мадрид - менің қалам», - деді Бензема.

Шабуылшы 2023 жылы «Реалмен» қоштасып, «Әл-Иттихад» сапына ауысқан еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram