18.11.2025 16:25

«Байер» ойыншысы Каталонияға барады

18.11.2025 16:25

«Барселона» Гримальдоға көз тікті

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, «Барселона» футбол клубы алдағы жазда Леверкузеннің «Байер» клубының қорғаушысы Гримальдомен келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастырып отыр. Клубтың жаттықтырушылары сол жақ қорғаушы позициясын күшейтуді мақсат етіп отыр.

Әзірге ресми келіссөздер басталмады. Алдағы уақытта клуб нақты іске кірісуге дайын.

Футболшы 2023 жылы «Бенфика» сапынан «Байер» клубына ауысып келген еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram