26.08.2025 14:52

Тайлер Диблинг «Эвертон» ойыншысы атанды

26.08.2025 14:52

Тайлер Диблинг «Саутгемптоннан» «Эвертонға» ауысты

Қос тарап 2029 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны 40,5 миллион еуроны құрады.

Диблинг жаңа клубында 20-нөмірмен доп тебеді.

Осыған дейін 19-жастағы шабуылшыға «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Челси», «Тоттенхэм», «Бавария» және «Лейпциг» сынды Еуропадағы шоқтығы биік ұжымдар қызығушылық танытқан еді.

Диблинг өткен маусымда жалпы 38 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram