26.08.2025 13:44
Неманья Матич «Сассуоло» ойыншысы атанды
26.08.2025 13:44
Неманья Матич еркін агент ретінде «Сассуолоға» ауысты
Қос тарап 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Матич өткен аптада клубсыз қалған еді. Сербиялық жартылай қорғаушының «Лионмен» келісімшарты бұзылды.
Тәжірибелі футболшы үшін А Сериясы таңсық лига емес. Матич осыған дейін 2022-2023 жылдары «Рома» сапында доп тепкен.
Ал «Сассуоло» жоғарғы дивизионға биыл оралды. Б Сериясының чемпиондары алғашқы турда «Наполиге» (0:2) есе жіберді.
Матич өткен маусымда жалпы 29 ойын өткізіп, 1 нәтижелі пасымен көзге түсті.