13.12.2025 16:06
Стерлинг АПЛ-де клуб ауыстыруы мүмкін
13.12.2025 16:06
«Челси» вингері Рахим Стерлинг жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 31 жастағы ағылшынға «Кристал Пэлас» пен «Лидс Юнайтед» қызығушылық танытуда.
«Челси» де Стерлингті сатуға дайын екен. Лондонның клубы оған мүмкіндік беріп отыр. Егер Стерлинг клуб таба алмаған жағдайда «Челси» онымен келісімшартты бұза салуға әзір. Ал Рахимнің өзі Еуропада қалып, байырғы бабына келгісі келеді.
Айта кетейік, Стерлинг осы маусымда бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.