13.12.2025 14:45
Дембеленің қазіргі жағдайы
13.12.2025 14:45
Луис Энрике: «Дембеле қайтадан жеке жаттығуларды бастады»

ПСЖ командасының бас бапкері Луис Энрике Усман Дембеленің қалпына келуі туралы айтты.
«Біз оның оңтайлы формада оралғанын қалар едік. Бұл командаға және оған қиын, себебі біз оның ұжымға пайдасы бар екенін білеміз. Соңғы күндері ол ауырып қалды, бірақ жеке жаттығуларды қайта бастады. Біз әрбір жарақат алған ойыншыға абай болуымыз қажет», - деді Энрике.
Осы маусымда Дембеле ПСЖ үшін 12 ойын өткізді. 3 гол соғып, 3 ассист жасады.