13.12.2025 13:59
Суарес «Интер Майамимен» келісімшартын ұзартады
13.12.2025 13:59
«Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес клубта қалатын болды

Даниэль Соланның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты тағы бір маусымға, яғни 2026 жылдың соңына дейін ұзарту туралы тоқтамға келді.
Осыған дейін Лионель Месси де флоридалықтармен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін созып қойған еді.
Айта кетейік, Суарес «Интер Майами» сапында 2024 жылдың басынан бері ойнап келеді. Ол биыл 42 ойында 14 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.