13.12.2025 13:06

Оскар мансабын аяқтайды

13.12.2025 13:06

«Сан-Паулу» жартылай қорғаушысы Оскар мансабын аяқтайды

Бұл туралы ESPN Brazil басылымы хабарлады. 34 жастағы жартылай қорғаушы ойыншысы жақында есінен танып, ауруханаға түскен еді. Нәтижесінде жүрегінде ақау бар екені анықталды. Осыған байланысты ол бутсасын шегеге ілуді жөн көріпті. Оскар футболды қойған соң «Сан-Паулу» клубының құрылымында қызмет атқаруды жоспарлап отыр.

34 жастағы жартылай қорғаушы балтырындағы жарақатына байланысты соңғы 35 матчтың 27-не қатыспады. Ал осы маусымда жалпы 21 ойында екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Оскар 2012-1016 жылдары «Челси» намысын қорғаған еді. Лондонның клубымен ол Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ Бразилия құрамасында 48 матчта 12 гол мен 15 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram