13.12.2025 12:18

Аллегри А Сериясының үздік бапкері атанды

13.12.2025 12:18

Массимилиано Аллегри Италия А Сериясының қарашадағы үздік бапкері атанды

Оның командасы «Милан» өткен айда «Романы» (1:0), «Интерді» (1:0) және «Лационы» (1:0) жеңіп, «Пармамен» (2:2) тең түсті.

58 жастағы жергілікті маманға бұл жүлде ертең, 14 желтоқсанда өтетін «Сассуолоға» қарсы матчтың алдында табысталады.

Осыған дейін «Кремонезенің» шабуылшысы Джейми Варди үздік ойыншы деп танылған еді.

Айта кетейік, 14 турдан кейін 31 ұпай жинаған «Милан» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram