13.12.2025 13:36
Гнабри «Баварияда» қалады
13.12.2025 13:36
Серж Гнабри «Баварияда» қалады

Николо Скираның хабарлауынша, Мюнхеннің клубы Гнабримен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады екен.
Айта кетейік, Гнабри «Бавария» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы маусымда 30 жастағы шабуылшы 19 ойында бес гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Ал оның қазіргі келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.