13.12.2025 14:55
«Челси» Эллиотқа көз тікті
13.12.2025 14:55
«Челси» Эллиот Андерсонды қаңтарда алуы мүмкін

Белгілі инсайдер Бен Джейкобстың мәліметінше, Лондонның «Челси» клубы «Ноттингем Форест» командасының жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсонды қаңтар айындағы трансферлік кезеңде сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр.
«Көктердің» мұндай шешім қабылдауына басты себеп - бұл трансферде «Манчестер Юнайтедтен» озып кету ниеті. Қазіргі таңда «Юнайтед» Андерсон бойынша асығыс қадамға бармай, жазғы трансфер терезесін күтуді жоспарлап отыр. Тек содан кейін ғана ресми ұсыныс жасамақшы.