13.12.2025 14:50
«Арсенал» шабуылшы қарастыруда
13.12.2025 14:50
Қосымша күш қажет екен

Telegraph басылымының хабарлауынша, Лондонның «Арсенал» клубы шабуылшылар нарығын зерттеп жатыр. Алайда қазіргі уақытта жаңа шабуылшыны сатып алу «канонирлер» үшін басты мақсат болып тұрған жоқ.
Клуб басшылығы шабуыл шебіндегі негізгі ойыншы Виктор Дьёкерешке сенім артып отыр. Сол себепті ықтимал трансферлер Дьёкерештің орнын басу үшін емес, керісінше, оған қосымша күш беру мақсатында қарастырылуда.
Дереккөзге сүйенсек, «Арсенал» Мадридтің «Реалында» өнер көрсететін Родригоға, сондай-ақ «Милан» шабуылшысы Рафаэл Леауға қызығушылық танытып отыр. Бұл ойыншылар команданың шабуыл әлеуетін арттырып, бәсекелестікті күшейту үшін қажет деп бағалануда.