05.12.2025 12:24
Шлоттербек үшін таластан бір клуб шығып қалды
05.12.2025 12:24
«Ливерпуль» Нико Шлоттербектен бас тартты

Mirror хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы «Боруссия Дортмунд» қорғаушысын қатарға қосу туралы ойынан айнып қалды.
Осылайша Шлоттербекке көз тіккендердің қатарында «Бавария», «Барселона» және «Реал» қалды. Бірақ, «аралар» ойыншысын ішкі чемпионаттағы басты бәсекелесі «Баварияға» бергісі келмеді екен.
Айта кетейік, Шлоттербек Бундеслиганың осы маусымында сегіз матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.