05.12.2025 10:57
«Атлетико» шабуылшысы ат басын Түркияға бұруы мүмкін
05.12.2025 10:57
«Атлетико» шабуылшысы Александер Серлот мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін

Ягыз Сабунджуоглудың хабарлауынша, Норвегия форвардын «Фенербахче» өз қатарынан көргісі келеді. Ыстамбұл клубының өкілдері Серлоттың агентімен келесі аптада кездесіп, келіссөз жүргізеді екен.
«Фенербахче» ресми ұсынысты қаңтар айында жолдамақ. 30 жастағы ойыншының өзі де клуб ауыстыруға дайын отыр.
Сорлот осы маусымда 18 матчқа қатысып, төрт гол соқты.