05.12.2025 08:55
«Барселона» ойыншысы ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
05.12.2025 08:55
«Барселона» жартылай қорғаушысы Гави мансабын ПСЖ-да жалғастыруы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Париждің клубы 21 жастағы испан үшін бонустармен қоса есептегенде 100 миллион еуро ұсынуға дайын. Бірақ трансфер тек Витинья клубтан кеткен жағдайда ғана болады екен. Қазір оған Мадридтің «Реалы» көз тігіп отыр.
Айта кетейік, Гави қыркүйек айында менискісін зақымдап алып, содан бері ойнамады.