05.12.2025 08:50
Бүгін Әлем чемпионатының жеребесі тартылады
05.12.2025 08:50
Бүгін, 5 желтоқсан күні 2026 жылғы Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Салтанатты шара АҚШ астанасы Вашингтондағы Кеннеди атындағы өнер орталығында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталатын жеребе тарту рәсімін Qazaqstan Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальда тарихта алғаш рет 48 құрама сынға түспек.