05.12.2025 10:11
«Наполи» ойыншысы қатардан шықты
05.12.2025 10:11
«Наполи» жартылай қорғаушысы Станислав Лоботка жарақат алды

31 жастағы Словакия ойыншысы Италия кубогындағы «Кальяриге» қарсы матчтың алдындағы жаттығу кезінде бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен екі апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұл оның мансабындағы 17-жарақаты болды. Осыған дейін 250 күні емделуге кетіп, 52 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 14 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.