05.12.2025 11:29

Әлем чемпионатында ойнайтын топ-10 футболшы аталды

05.12.2025 11:29

The Athletic 2026 жылғы Әлем чемпионатында доп тебетін үздік футболшыларды атады

Рейтингтің көшін Франция дүлдүлі Килиан Мбаппе бастады. Екінші орынға Норвегия шабуылшысы Эрлинг Холанд жайғасса, үштікті Испания жұлдызы Ламин Ямаль түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа Харри Кейн (Англия), Педри (Испания), Джуд Беллингем (Англия), Винисиус Жуниор (Бразилия), Лионель Месси (Аргентина), Кевин де Брюйне (Бельгия) және Джанлуиджи Доннарумма (Италия) кірді.

Ал Португалия көшбасшысы Криштиану Роналду 25-орынмен шектелді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальдың жеребе тарту рәсімі бүгін, 5 желтоқсанда болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram