03.12.2025 11:24

Шлоттербек үшін «Барселона» мен «Реал» таласады

03.12.2025 11:24

Дортмунд «Боруссиясының» қорғаушысы Нико Шлоттербек клубтан кетуі мүмкін

Mundo Deportivo мәліметінше, 26 жастағы Германия құрамасының ойыншысы үшін «Барселона» мен «Реал» таласқа түспек.

Сондай-ақ оған «Ливерпуль» мен «Бавария» да қызығушылық танытып отыр. Бірақ «аралар» ойыншысын ішкі чемпионаттағы басты бәсекелесі «Баварияға» бергісі келмейді екен.

Айта кетейік, Шлоттербек Бундеслиганың осы маусымында сегіз матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram