03.12.2025 10:19

Беллингемнің рекорды бұзылды

03.12.2025 10:19

Германия кубогының 1/8 финалында «Герта» «Кайзерслаутернді» 6:1 есебімен жеңді

«Гертаның» үшінші голын 31-минутта 2009 жылғы өрен Кеннет Айхгорн соқты. Нәтижесінде ол турнирдегі ең жас гол авторы атанды. Айхгорн бұл нәтижені 16 жас 128 күнінде тіркеп, қазір «Реалда» ойнайтын Джуд Беллингемнің (17 жас 77 күн) рекордын жаңартты.

Осылайша Айхгорн осы маусымда алғаш рет нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Ал жалпы 12 матч өткізіп үлгерген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram